Залалсыздандыру жұмысының заңдылығы туралы

Патогенді микроб, вирус, паразиттер, шыбын-шіркей және кеміргіштермен күресу үшін дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шараларын әр субъект жүргізуі тиіс.

Screenshot_11.jpg

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР ДСМ 30.12.2020 жылғы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-1-қосымша «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.

«Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері www.egov.kz, www.elicense.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

    • Қызметті алушы ҚР ҰЭМ 06.01.2015 жылғы №3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтінішті (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және препараттарын сақтайтын, дайындайтын және жүзеге асыратын  объектілерінде - микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, жарықтандыруды өлшеу, тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу, электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу, зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін) құжаттарымен қоса порталға тіркеп ендіреді.

    • Қызмет беруші өтініш түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және тіркеген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. 

    • Қызметті алушы порталға өтінішке қоса тіркейтін құжаттар:

 - денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша аккредиттелген, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялауға ҚР ДСМ 29.09.2022 жылғы «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары» № ҚР ДСМ-101 бұйрығы негізінде кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманының және сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектордың біліктілік талаптары;

- ҚР ДСМ 29.07.2022жылғы «Дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №68-бұйрыққа дезинфекциялық препараттарды дайындайтын, сақтайтын және пайдаланатын нысанның болуы және ол нысанның аталған қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;

- 03.08.2021 жылғы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-72 сәйкес нысанның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы  және  11.01.2022 жылғы «Адамның өмір сүру ортасы  мен денсаулығына әсер ету объектілердің  санитарлық қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талабына сәйкес СҚА қорытындысы. 

Құжаттар толық болмаған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда қызметті беруші өтінішті ары қарай қараудан дәлелді бас тартуды дайындап, қайтарылатыны ескертіледі.

• Дәлелді бас тарту туралы хабарламаны  3 жұмыс күні бұрын жібереді және көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан бастап 2 жұмыс күні ішінде шешімге қарсы пікір білдіруге құқылы.

• Құжаттар толық ұсынылған жағдайда 9 жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігіне  рұқсат беру бақылауын жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды рәсімделінеді.

• Ұсынынылған құжаттар мен мәліметтер біліктілік талаптарына сай оң қорытындыға сәйкес келген кезде 1 жұмыс күні ішінде нысан бойынша лицензияны рәсімдейді және береді.

А.Тұрымбетова,

Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары