Ет өнімі сапалы қауіпсіз болу керек

f_625458b7f33e5.jpg

Ет – халықтың негізгі тағамдарының бірі. Оның тағамдық құндылығы, ең алдымен, барлық маңызды аминқышқылдары, сондай-ақ майлары бар толық ақуыздардың құрамымен анықталады.

Ет, ет өнімдері және сойлатын жануарлардың қосымша өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен реттеледі. Яғни, сыртқы қаптамада тамақ өнімдерінің атауы, құрамы, таза салмағы, дайындалған күні және буып-түю күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы және орналасқан жері болуы тиіс. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері өнім дайындалған және сәйкестендірілуі мүмкін құжаттармен қамтылуы қажет. Ет және ет өнімдері тез бұзылатын өнімдерге жататын болғандықтан оларды міндетті түрде сертификаттайды. Етті міндетті сертификаттау үшін сатуға немесе тамақтандыру орындарына түскен еттің төмендегідей құжаттары тексеріледі:

- жіберілген орынның аты;

- тасымалдау құжатты;

- еттің түрі, дәрежесі және жағдайы(салқындатылған, тоңазытылған, қатырылған);

- еттің әрбір дәрежесінің массасы, орын саны;

- еттің шығарылған мерзімі(салқындатылған және тоңазытылған еттер үшін);

- сатуға немесе өндірістік өндеуге арналғаны;

- еттің тағамға жарамдылығы жөніндегі ветеринариялық куәлік;

Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар (жүкқұжат, сәйкестік декларациясы, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық куәлік) болуы тиіс.

Г.Тышканбаева,

Шымкент қаласы  Әл-Фараби ауданы СЭБ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ет өнімі сапалы қауіпсіз болу керек