Тәтті сусындардың адам денсаулығына зияны
Тәтті сусындардың адам ағзасына өте зиян, себебі құрамына көп қант қосылады. Бұған газдалған, сок пен спорт сусындары жатады. Қант құрамы жоғары сусын өнімдері салмақтың артуына, семіздікке ұшыратады, тістеріңізді құртады, бүйрекке зақым келтіреді, балалардың тісі шіріп, қан тамырларына, ағзаға зиян келтіреді.
Газдалған сусындардың көбінің құрамында калория бар.
Зерттеу нәтижесі бойынша, тәтті сусынды көп пайдаланатын адамдардың өмір сүру ұзақтығы 5 жылға азаяды дейді
мамандар. Қанты бар сусынды көп ішкен адамның ағзасында зиян көбейіп, пайдалы майдың көлемі күрт төмендеп кетеді екен. Шәй ретінде сатылып жатқан сусындардың құрамында аспартам деген қант бар. Оның аз ғана түйірі бір тонна судың тәттілігін арттыратын көрінеді. Тәтті сусын тұтынған адамдар өмір сүру ұзақтығы қысқа. Өйткені газды су ағза клеткаларын қартайтады. Сусын неғұрлым тәтті болған сайын, оның адам ағзасына зияны да көбірек болады.
Ата-ана балдарының күнделікті өмірде қандай сусын пайдаланып жүргенін, деңсаулығына келтіретін зияны барма соны қадағалау тиіс.
Ұрпақ болашағын, ұлт келешегін ойласақ мұндай сусындардың жарнамалауын, сатылуын шектеуіміз қажет, себебі қазіргі таңда тәтті сусындардың әлеуметтік желілерден, теледидардан, жарнамалық билбордтардан жан жақты түрлі-түсті бейнелар арқылы жарнамалануда.
Сол себептен не ішіп отырғанымызға мән берейік, сау болайық.
Н.Мамаш,
Шымкент қаласы, еңбекші ауданының
СЭББ техникалық регламенттердің талаптарының
сақталуын бақылау бөлімінің басшысы