Вакцинацияның маңызы!

Вакцинация  түрлі инфекциядан  қорғайтын ең маңызды  әдістің бірі. Елімізде мына ауруларға қарсы вакцинация жүргізіледі: туберкулез,(БЦЖ), гепатит «В» (ВГВ), полиомиелит,(ОПВ), қызылша,қызамық, паротит (КПК),күл,дифтерия, сіреспе көкжөтел (АбКДС), гемофильді инфекция (Хиб),короновирусты инфекцияға қарсы (КВИ) және т,б. Қазакстан Республикасы бойынша міндетті екпе жасату мерзімдері бар. Балаларға екпе жасау (Вакцинация) адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалған.Бұған балаларды жаппай вакцинациялау арқылы қол жеткізілді.

Screenshot_4.jpg

Инфекция адам таңдамайды.Егер егу жұмыстары жаппай жүргізілмесе,қоғамда қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін. Ауруға қарсы егілмеген бала сол аурулардың қайнар көзі болып саналады.Ал егілген бала ауырып қалған жағдайда да ауруы жеңіл түрде өтеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінде соңғы 150 жылда әлемде адамдардың өмір сүру ұзақтығы 30 жылға артқан, оның 25 –жылы вакцинацияның арқасында. Елімізде балалардың құқығын, денсаулығын қорғау ата заңмен белгіленген. Балаға профилактикалық екпе жасату әр ата ананың міндеті. Әр бір профилактикалық егу жүргізудің алдында егу жүргізуге рұқсаты бар дәрігер егілетін адамды тексеріп қарайды. Иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына вакцинация жүргізуге рұқсат береді.

Дәрігер егілетін адамға немесе оның ата анасына, иммундаудан кейінгі реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер болуы мүмкін екенін және бұл ретте анасы не істеу керектігін түсіндіруге міндетті. Вакцинация алғаннан кейін егілген бала иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді алдын алу үшін  үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медициналық қызметкердің бақылауында болады.

 Жұқпалы аурудың таралуымен күресудің жалғыз әдісі вакцинациялау болып табылады.

К.А.Адырбаева,

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Вакцинацияның маңызы!