Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу

Күннің күрт жылынуынан қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және мұздың кептелуі кезінде өзендердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі су тасқынына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты су арқылы қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар беріледі деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны рас.

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар өршуі мүмкін. Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (кеміргіштердің ауыз суды ластауы), бруцеллез, сальмонеллез, құрттар

беріледі.

Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, оның ішінде энтеровирустар, гепатит А және басқалары жиі кездеседі. Өзендерден, таяз көлдерден су асып төгілген кезде жаңбыр суларымен араласқан еріген сулар пайда болады, бұл құдықтар мен ұңғымалардағы судың қоқыс шұңқырларынан, шаруашылық аулаларынан, дәретханалардан жаппай ластануына әкеледі.

Су тасқынының тағы бір мәселесі – кеміргіштер, көптеген аурулардың тасымалдаушылары. Олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыруына әсер етуі мүмкін.

Су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді қағидаларды сақтау қажеттігін еске саламыз:

1) ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

2) азық-түлікті сақтау және дайындау қағидаларын сақтау;

3) тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану;

4) жеке гигиена қағидаларын сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде;

5) көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен мұқият жуу, т.б.

Жіті инфекциялық аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет!

А. Ахметов,

Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары