Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына маңыздылығы
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты жұқпалы емес алиментарлық аурулар, жүрек-қантамыр, диабет, семіздік, анемия және тағы басқа аурулар жасаруда. Ұзақ өмір сүру үшін, жас ұрпақтың дұрыс дамып өсуі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше. Адам ағзасына әсер ететін көптеген сыртқы ортаның факторларынан тамақтану ең маңыздысы болып табылады. Дұрыс тамақтану адамның дұрыс өсуін және ағзаның дамуын, сонымен қатар денсаулығының сақталуын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етіп, адам өмірінің ұзақтығына әсерін тигізеді.
Дұрыс тамақтанудың ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып, керекті дәрумендермен қамтамасыз етуі тиімді болып саналады және емдік маңызы да аса үлкен. Өйткені тамақтанудың сипатын өзгертіп, ағзадағы зат алмасуын реттеп, жүріп жатқан ауруға белсенді әсер етеді. Диета - қарапайым тілмен айтқанда тамақтану тәртібі. Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы ауру құбылыстарының қайталанбауын, асқынуының алдын алуда маңызды рөл атқарады, әсіресе емдеу профилактикалық мекемелерінде.
Ұйымдастырылған ұжымдар мен (санаторийлік және сауықтыру объектілерін қоса алғанда) ұйымдарда (объектілерде) емдік-профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақтану рационы алуан түрлі және химиялық құрамы, тағамдық құндылығы, тамақ өнімдерінің жиынтығы, тамақтану режимі, оның теңгерімділігі бойынша емдік мақсаттарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
Ағзаның ауру сипатына байланысты тағам құндылығы, пайдалануға болатын және болмайтын азық-түлік өнімдері көрсетілген бірнеше диеталық стөлдер қарастырылған. Емдеу-профилактикалық тағамның ұйымдасқан ұйымдарда, әсіресе емдеу-профилактикалық мекемелерде талапқа сай болып дұрыс ұйымдастырылуына бақылау жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің құзіретіндегі сұрақтардың бірі болып табылады.
Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының негізі!
Ә.Төлебаев,
Шымкент қ. СЭБД басшысы