Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу
Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде:
1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде, генерализацияланған түрлері – шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса;
2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса;
3) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде, имплантант болған кезде операция жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде пайда болса есепке алынуға жатады.
Бұл стационарда (ауруханаішілік инфекция - АІИ), емханада, медициналық қызмет жүргізілетін басқа ұйымдарда, үй жағдайында науқасқа медициналық қызметті көрсетуден кейін туындауы мүмкін инфекциялық сырқаттанушылық, сондай-ақ кәсіби қызметі салдарынан туындайтын медициналық қызметкерлердің сырқаттанушылығы. Емдеу ұйымдарында санитариялық-індетке қарсы режим ұйымдастырылған, себебі санитариялық талаптарды сақтамаған жағдайда кез-келген инфекциялық сырқаттанушылықпен басқа науқасты жұқтыруы мүмкін.Пациенттерді инфекциядан қорғау мақсатында барлық емдік және диагностикалық процедураларын қауіпсіз орындау ережелері (алгоритмдер) әзірленді, медициналық қалдықтарды орталықтан жинау, тасымалдау, жою жағдайында медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жасау әдісі енгізілді.Науқасқа күтім жасайтын медперсоналдың қол жуу ережелерін сақтауы өте маңызды, бұл медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекцияның таралуын тоқтатады және туындау қаупін азайтады. Кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер халат, қалпақша, бетперде, бір рет пайдаланылатын қолғаптар, алжапқыш, қорғаныш көзілдірік, экрандар сияқты жеке қорғаныш құралдарын қолданады. Персонал жүйелі түрде сауаттылығын және пациенттер мен персоналды жұқтыру қаупімен байланысты манипуляцияларды орындау кезіндегі тәжірибелік дағдыларын арттыру үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқулардан, аттестациядан арнайы біліктілік дәрежесін арттыратын мекемелерден өтеді.Медициналық ұйымдарда бір рет пайдаланылатын бұйымдардың жан-жақты қолданылуы, заманауи жабдықты, дезинфектанттарды, антисептиктерді енгізу, парентералді гепатиттермен сырқаттануды төмендетуге мүмкіндік береді. Медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, уақтылы сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы №ҚР ДСМ - 96/2020 бұйрығына сәйкес ж Осылайша, медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтай отырып, медициналық ұйымдарда пациенттер мен персоналды ауруханаішілік инфекциялардың жұғуынан сақтап қалуға болады.
А.Темірхан,
Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлімі басшысы
Шымкент қаласы