Жіті ішек инфекциясының алдын алу


Жіті ішек инфекциялары жылдың кез келген мезгілінде болуы мүмкін.  Вирусты инфекция көбінесе салқын түскенде, тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі артқан кезде көбейсе, бактериялық инфекциямен сырқаттану жаз мезгілінде арта түседі. Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әр түрлі бактериялар ықпалынан орын алатын бірінші кезекте ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулар  тобы. Бұл топқа сальмонеллез, дизентерия, сонымен қатар, эшерихиоз, тағамдық  токсикоинфекциялар, шартты-патогенді қоздырғыштардан туындаған жіті гастроэнтериттер жатады.

Инфекция көзі – науқас адам немесе жіті ішек инфекция қоздырғыштарының тасымалдаушысы. Айналадағы адамдар үшін, әсіресе, аурудың жеңіл, анық байқалмайтын және симптомсыз түрлеріне шалдыққандар өте қауіпті болып келеді.

Жіті ішек инфекцияларын қабылдағыштық өте жоғары болғандықтан, ересек адамдар мен балалар, әсіресе, 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Қоздырғыштың ағзаға түскен кезінен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан 7 күнге дейін уақыт өтеді. Инфекция жұқтырғаннан кейін иммунитет 3-4 айдан 1 жылға дейін тұрақсыз болады, осыған байланысты, аурудың қайталануы әбден мүмкін.

Берілу факторі- тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар  болып табылады, кейбір инфекцияларды жәндіктер (шыбындар, тарақандар) таратады. Сондай-ақ, антисанитарлық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, санитарлық ережелерді сақтамай дайындалған тамақ өнімдерін пайдалану да жіті ішек инфекцияларын жұқтыруға себеп болады.

Аурудың алғашқы белгілері:
Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқаста қайталамалы құсық, іш өткен сайын баланың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса дәрігерге көрінуі керек

Ішек инфекцияларының пайда болуының алдын алу үшін тағамдық азық-түліктердің жарамдылық сапасы өте маңызды – көптеген тағамдарда бактерия­лар тек қана өміршеңдігін сақтап қана қоймай, олар ауру тудырушы қасиетімен адамның қолымен тағамды ауызына апарғанда асқазан-ішек жолына кір қолы арқылы, ластанған су арқылы, сапасыз азық-түліктер арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді.

инкубациялық кезеңі шамамен 4 күнге созылады.

Қорытындылай келе  жіті ішек инфекцияларының алдын-алу шаралары:

·                    Егер науқастың жағдайы жақсармаса, одар әрі қарай емді міндетті түрде емхана немесе аурухана дәрігері жүргізу керек.

·                    Ас ішерде, даладан келгенде және дәретханадан кейін қолды жуу;

·                    Жазғы уақытта түрлі қоспалары бар, тез бұзылатын тағамдарды қабылдамау;

·                    Көкөніс пен жемістерді жақсылап жуу;

·                    Қайнатылған немесе минералды су ішу;

·                    Антисанитариялық ортада дайындалған тағамнан бас тарту;

·                    Жеке бас гигиенасын, үй гигиенасын сақтау

·                    Тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу. Су қоймаларында және бассейндерде шомылған кезде ауызға судың кетпеуін қадағалау; Үйді, ауланы таза ұстау.

Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік!

М.Сатымбекова,

Әл-Фараби ауданы СЭББ бас маманы

Шымкент қаласы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жіті ішек инфекциясының алдын алу