Адам папилома вирусы

Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең көп таралғанвирус. Оның алуан түрі бар. Қазірге дейінзерттелген штамдарының өзі 200-ден асадыЕңқауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндайонкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады. Адам папиллома вирусының тағы 10 түрі қауіпсізісік шақырадыШтамдардан сүйел, кондилома, респираторлық папилломатоза пайда болады.Вирус байланыс арқылы жұғадыЗаттардың беткіқабатында ұзақ өмір сүре алмайдыСондықтанкөбіне жыныстық жолмен тарайды. Адам папиллома вирусы емдеуді қажет етпейдіБұл ауру коронавирус не тұмау сияқты байқалмайдыАдамның иммун жүйесі антидене түзеді, 1,5-2 жылда ағза вирусты жеңіп шығадыБірақ адампапиллома вирусының кей штамдарына иммунжүйесінің шамасы жетпейдіҚатерлі ісіккеайналмай тұрып, вирус көп жыл бойы жасушадаөмір сүре беруі мүмкінҰзақтығы иммун жүйесінебайланысты. Ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғызжолы – вакцина салғызуЕкпе вирус салдарынантуған қатерлі ісіктен немесе басқа да ауруларданемдемейдіКез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алу шарасыБалаларға бірінші жыныстықсерігі пайда болғанша, 9-11 жасқа дейін саладыЖыныстық серігіңіз көп болған сайынадампапиллома вирусын жұқтыру ықтималдығы арта бередіЕкпені 45 жасқа толмаған кез келген адамсалғыза алады. Вакцина вирустан 8-10 жылға қорғайды. Кейін тағы салу керек. Екпе салдырған адамның өзі жылына бір рет гинекологқа қаралып тұруы керек. Әр төрт жыл сайын скринингіден өту қажет.

Әл-Фарабиауданының                                                                                        санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының                                              жетекші маманы Ордабаева А.Т


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Адам папилома вирусы