Қызылшаның алдын алу

 

 

 


                    





   Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе осы кеселге қарсы егілмеген адам қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болғанда жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары. Ауру байланыс және ауа арқылы ауа-тамшы жолымен таралады. Қызылшаның қоздырушы вирусы (polinosa morbillarum) қыздырғанда, күн сәулесінен, залалсыздандыратын химиялық қоспалардан тез жойылады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде түкірік түйіршіктерімен бөлінеді. Вирустың тез тарайтыны сондай, вирустың сыртқы ортада тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлар да белгілі.

Инкубациялық кезеңнің 2-күні мен бөртпелер шыққаннан кейінгі 4 күн аралығында ауырған адам инфекция көзі ретінде айналадағыларға қауіпті таратушы боладыАл, 5-күннен бастап, бөртпелері бар адам ауруды жұқтырмайды. Осы аурудан жазылғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасады. Қызылшамен ауырған немесе егілген туылған аналардан балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында анасынан берілген антиденелері сақталады. Осы аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауыру жұқтыруы мүмкін.

Соңғы үш жылда кор онавирустан пандемия болғалы халық арасында қызылша мен қызамыққа қарсы егу төмендеуіне орай біршама адамдардың иммунитеттері төмен болуы мүмкін. Қызылша 20 вакцинамен басқарылатын және бұғатталатын инфекциялар қатарына жатады. Қоғамда егілмегендер мен вакцинадан бас тартушылар көбейсе ұжымдық иммунитет төмендейді, сондай-ақ қоршаған ортада қызылшаның вирусы күшейіп, ауру өрши бастайды.

  Осыған орай қырағылық танытып, халық арасында қызылшаның алдын вакинациялаумен алған жөн!

Қызылша кез келген жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті. Аурумен ауырмаған немесе вакцина алмаған адамдар қызылшаға бейім және кез келген жаста жұқтыруы мүмкін. Әсіресе, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға иммундық жүйенің жеткіліксіз дамуының сипаттамаларына байланысты ауырып қалу қауіп төндіреді.

Балалардың өмірінің 6-10 айынан кейін антиденелердің саны азаяды, балалар вирусқа сезімтал болады. Тағы бір тәуекел тобы - 20 жастан асқан адамдар. Тіпті олар балалық шағында вакцинацияланса да, жылдар өткен сайын денсаулығына, әлеуметтік жағдайына және басқа да жағдайларға байланысты олардың иммундық жүйесінің қорғаныс күші толығымен жойылуы мүмкін.

Аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Ең маңыздысы – ауру суық тию белгілерімен жіті респираторлық вирусты жұқпа тектес болып басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі мен ағуы. Кейінірек көздің шырышты қабығы қабынады (конъюктивит), ауыз қуысының шырышты қабығында (азу тістерінің тұсында) ұсақ теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады.

  Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсас дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылады. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40,5 градусқа қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.

Қызылшаның асқынуы: ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфотүйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит және орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады. 

  Әрбір суық тиіп мазасызданған сәттен бастап, дер кезінде дәрігерді үйге шақыртып, тексеріліп-қаралу керек. Уақтылы диагноз қойып, ем тағайындап және ұйымдасқан ұжымда тіркелген жағдайда ауру ошағын бұғаттап, әрі қарай таралуына жол бермеуге алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін маңызды.

  Қызылшаның алдын алудағы ең сенімді және тиімді жол - вакцинация!

 

 

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби 

ауданының  санитариялық-эпидемиологиялық 

бақылау басқарамасының маманы 

Ордабаева А.Т.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қызылшаның алдын алу