Ыдыстарға құйылатын ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіріу кезінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қолдануға рұқсат еткен тұтыну орамы (ыдыс) ретіндегі шыныдан жасалған шөлмектер мен полимерлік материалдар, полимерлік және аралас полмерқатырма материалдардан жасалған, сыйымдылығы әртүрлі контейнерлер мен пакеттер пайдаланылады.Тұтыну орамын тұмшалау тәсілі ыдысқа құйылған ауыз суды қолдан жасау мүмкіндігі болдырмауға, сондай-ақ өнімінің жарамдылық мерізімі ішінде тасымалдау, сақтау және тұтынышуға сату кезінде оның тұмшалығы мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тұтыну орамын жуу және ыдысқа құю шарттары белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Ыдысқа қойылатын ауыз суда «Орауға, таңбалауға, заттаңба жапсыруға және оларды дұрыс орналастыруға қойылатын талаптар» техникалық регламентімен және тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құжатттармен белгіленген талаптарға сәйкес орамы және таңбасы болуға тиіс:
1. Құйылған суда әртүрлі қоспалардың, сыртқы үлдірдің және тұнбалардың болуына жол берілмейді;
2. Құю агрегаттары құйғанға дейін және одан кейін таза сумен жуылады;
3. Су құбырынан немесе сыйымдылықтарға құйылған ауыз суды өндіруге арналған шикізат болып табылатын баска көзден келіп түсетін су нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді;
4. Аралас бейіндегі объектілерде арнайы жуылғаннан кейін алкогольсіз өнімдерді (сусындарды) және шарапты құюға арналған желілерде құйылатын суды (табиғи минералды суды қоспағанда) құюды жүргізуге жол беріледі;
Су көзін пайдалану процесінде судың ластануы және оның белгіленген
химиялық және микробиологиялық сипаттамаларға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өндіруші ластану жойылғанға дейін суды ыдыстарға құюпроцесін тез арада
токтатады.
Табиғи минералды суды қоспағанда, ауыз суды тасымалдау (су жинау құрылысынан объектіге дейін, объектіде) үшін пайдаланылатын көлік ыдыстары (цистерналар, танкерлер) таңбаланады.
Ыдысқа құйылған ауыз судың қасиеттері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін критерийлермен анықталады. Ыдысқа құйылған ауыз суда «Орауға, таңбалауға, заттаңба жапсыруға және оларды дұрыс орналастыруға қойылатын талаптар» техникалық регламентімен және тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкес орамы және таңбасы болуға тиіс.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы М.Сатымбекова