Вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егумен қамту
Вакцинация - халықты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді құралдарының бірі. Медициналық көмектіңкепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа 20 инфекциялық ауруға қарсы профилактикалықегулер, оның ішінде В вирустық гепатиті, туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, гемофильді инфекция, пневмококктыинфекция, қызылша, қызамық, эпидемиялықпаротит сияқты 11 жұқпалы ауруға қарсы Ұлттықкүнтізбеге сәйкес жоспарлы профилактикалықегулер және эпидемиологиялық көрсеткіштербойынша құтыру, іш сүзегі, көктемгі-жазғы кенеэнцефалиті, оба, коронавирустық инфекция, «А» вирустық гепатиті, тұмау, сібір жарасы, туляремиясияқты 9 жұқпалы ауруға қарсы профилактикалықегулер жүргізіледі. Республикада Дүние жүзілікДенсаулық сақтау ұйымының талаптарына жауапберетін кеңейтілген иммундау бағдарламасыненгізу вакцинамен басқарылатын инфекциялараурушаңдығын едәуір төмендетуге ықпал етеді. Елімізде полиомиелиттің алдын алу жөніндегіұлттық бағдарламаны іске асыру ҚазақстанРеспубликасына полиомиелиттен азат елдердіңқатарына кіруге мүмкіндік берді. Қызылшаны жоюбағдарламасын орындау осы инфекцияменсырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялықжағдайды тұрақтандыруға және қызылшажағдайларын тіркеуді жекелеген жағдайларға дейінтөмендетуге мүмкіндік берді.Иммунопрофилактикада медицина қызметкерлерінің негізгі міндеті - әр баланыңуақтылы және толық вакцинациялануы. Осы мақсаттар үшін республикалық және жергіліктібюджеттердің қаражатынан Ұлттық егукүнтізбесіне сәйкес және эпидемиологиялықкөрсеткіштер бойынша балалар мен ересектергеиммундауды тегін жүргізу үшін жыл сайынжеткілікті қаржы бөлінеді.Иммунопрофилактиканың заманауи дамуыныңарқасында бүгінде көптеген вакциналар бар, олардың арасында моновакциналар да, инъекция санын азайтатын аралас вакциналар да бар, бұл бірдозада екіден төртке дейін вакцинаны біріктіругемүмкіндік береді. Дені сау жаңа туған нәрестеперзентханада, В вирустық гепатитіне қарсыалғашқы 12 сағатта және өмірдің 1-4 күніндетуберкулезге қарсы екпе алуы керек. 1 жасқадейінгі балалар көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға, В вирустық гепатитіне, пневмококк инфекциясынақарсы вакцинацияланады. 1 жасында баланықызылшаға, қызамыққа, паротитке жәнепневмококк инфекциясына қарсы егу керек. Негізгівакцинациялардың бастапқы вакцинация кешеніосымен аяқталады. 18 айлық жасында көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильдіинфекцияға қарсы ревакцинация жүргізіледі. Болашақта тұрақты иммунитетті сақтау үшін бала 6 жасында белгілі бір уақыт аралығында көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АбКДС) және қызылшаға, қызамыққа, паротитке (ҚҚП) қарсы ревакцинация алады. Болашақта 16 жастағы жасөспірімдер мен ересектер әр 10 жыл сайын тұрғылықты жерібойынша немесе жұмыс, оқу орны бойыншаемханаларда АДС-М вакцинасымен дифтерия мен сіреспеге қарсы егіледі. Халықты уақтылыиммундау және жоғары қамту, 95% - ға дейін, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойыншаэпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруғаықпал ететін халық арасында иммундық қабатқұруға мүмкіндік береді. Әрине, бірде-бір вакцина аурудан жүз пайыз қорғауға кепілдік бермейді, бірақ эпидемияның алдын алу үшін халықтыңкөпшілігін вакцинациялау жеткілікті. Балаларғавакцинациядан бас тартқандар тек өздеріне ғанаемес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін тудырады.Профилактикалық егу немесе вакцинация балаларүшін де, ересектер үшін де өте маңызды. Тек осы шара емдеуге өте қиын берілетін аурулардыңалдын-алудың тиімді құралы болып табылады.
А. Алтаева,
Әл-Фараби СЭББ бас маманы
Бөлісу тақырыбы: Вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егумен қамту