Адам папиломасы вирусы
Адам папиллома вирусы - бұл әртурлі ағзалардың (мысалы, жатыр мойнының немесе аногенитальді аумақты), терісне жене шарышты қабыктарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді. АПВ-инфекциясы бүкіл әлемде ең көп таралған инфекция болып табылады. Әр адамда АПВ инфекциясын жұқтырудың 80% ықтималдығы бар, яғни 10 ер мен әйелдіі шамамен 8-і өз өмірінің қандай да бір сәтінде бір немесе бірнеше типтегі АПВ инфекциясын жұқтырады, АПВ инфекциясының ен жоғары таралымы 25 жаска дейінгі ерлер мен әйелдерде байқалады.
Вирус байланыс арқылы жұғады. Заттардың беткі қабатында ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан көбіне жыныстық жолмен тарайды. Адам папиллома вирусы емдеуді қажет етпейді. Бұл ауру коронавирус не тұмау сияқты байқалмайды. Адамның иммун жүйесі антидене түзеді, 1,5-2 жылда ағза вирусты жеңіп шығады. Бірақ адам папиллома вирусының кей штамдарына иммун жүйесінің шамасы жетпейді. Қатерлі ісікке айналмай тұрып, вирус көп жыл бойы жасушада өмір сүре беруі мүмкін. Ұзақтығы иммун жүйесіне байланысты. Ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғыз жолы – вакцина салғызу. Екпе вирус салдарынан туған қатерлі ісіктен немесе басқа да аурулардан емдемейді. Кез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алу шарасы. Балаларға бірінші жыныстық серігі пайда болғанша, 9-11 жасқа дейін салады. Жыныстық серігіңіз көп болған сайын, адам папиллома вирусын жұқтыру ықтималдығы арта береді. Екпені 45 жасқа толмаған кез келген адам салғыза алады. Вакцина вирустан 8-10 жылға қорғайды. Кейін тағы салу керек. Екпе салдырған адамның өзі жылына бір рет гинекологқа қаралып тұруы керек. Әр төрт жыл сайын скринингіден өту қажет.
Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы Вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіледі, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
А. Алтаева,
Әл-Фараби ауданн СЭББ бас маманы