Жеке қорғану құралдарын қалай таңдаған дұрыс?
Жеке қорғаныс құралдары-жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивті заттар жәнебиологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығузиянын азайту үшін қолданылатын құралдаркешені.Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдарсіңірілген киім-кешек және т.б.., сондай-ақ арнайықорғаныш киімдері жинағы жатады. Қорғанышкиімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғанышжиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, қолғап) болыптабылады.
Қазақстан Республикасы аумағында айналымғашығарылатын ЖҚҚ-на қойылатын талаптар Кеденодағының техникалық регламентінде белгіленген (« Жеке қорғаның қауіпсіздігі туралы» КО ТР019/2011).
Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі жекеқорғаныш пайданалану кезінде адамдар менқоршаған ортаға жол бермейтін әсердің , оның ішінде олар жасалған материалдардың әсерініңболмауы. Төмендегі көрсетілген зияндыфакторлардың әсерінен адам қауіпсіздігінқамтамасыз ету:
-механикалық әсерлер және өндірістік ластану ;
-зиянды химиялық заттар;
-иондаушы және иондамайтын сәулелену;
-жоғары (төмен) температураның әсері;
- электр тоғының , электр және электромагниттікөрістердің әсері;
-биологиялық факторлардың әсері(микроорганизмдер,жәндіктер);
- нашар көріну.
Жеке қорғаны құралдарының таңбалауындамынадай ақпараттар болуы тиіс:
-өнімнің атауы;
- өндіруші атауы және оның тауар белгісі (бар болса);
-қорғау қасиеттері, өлшемі (бар болса);
-кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнімайналымына арналған біріңғай белгісі;
-өндірілген күні;
-белгіленген болса жарамдылық мерзімі;
-күтім әдістері мен ЖҚК-ны жоюға қойылатынталаптар туралы ақпараты;
-ЖҚК дайындалған құжат туралы мәліметтері жәнет.б;
Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде оқұғаоңай, өнімді сақтау , тасымалдау, өткізу жәнемақсаты бойынша пайдалану кезінде барлық жарамдылық мерзімі, қызмет ету мерзімі жәнекепілдік берілген жарамдылық мерзімі ішіндетұрақты болуы керек.
ЖҚҚ ұтымды таңдау және нақты шартымен дұрысқолдану арқылы қызметкерді сенімді қорғауғаболады. Жеке қорғаныс құралдарының болмауынемесе дұрыс қолданылмауы өндірістікжарақаттануға жазатайым оқиғаларға себеп болуымүмкін. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз.
Г.Тышканбаева,
Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлімі басшысы