ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу
Бүгінгі таңда ЖРВИ және тұмау аурулары тіркелуде. Сондықтан вирустың белгілері, онымен қалай күресу және алдын алу шаралары туралы білу маңызды.
ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі.
ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну керек, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – пневмония.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін эпидемиологиялық маусым кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу мыналарды қамтиды:
- тұмауға қарсы иммундау;
- медициналық мекемелерде «сүзгілерді» еңгізу, маскаларды қолдану, антисептиктермен қамтамасыз ету;
- ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға дәрәгерді үйге шақыру;
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде күнделікті таңертеңгі бақылауды енгізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды қабылдамау.
Сондай-ақ инфекцияны болдырмауға көмектесетін белгілі арнайы емес профилактикалық шаралар бар. Бөлмені күн сайын желдетіп, қолыңызды мұқият жуып, антисептик пайдаланып, ауру өршіген кезеңде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту немесе бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және ұйқы мен тамақтану сапасын бақ
А.Ордабаева,
Әл-Фараби ауданы СЭББ жетекші маманы