Аскаридоз және оның алдын алу


Аскаридоз – гельминтоздар тобындағы нематодтар (дөңгелек құрттар) – аскаридтер тудыратын ауру. Аталмыш дерт адамның асқазан-ішек жолындағы жыныстық жетілген гельминттердің паразитизациясымен сипатталады, тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және аллергиялық реакциялармен бірге жүреді. Аскаридтар барлық жерде кездеседі. Аурудың негізгі көзі – науқас адам, ол нәжіспен бірге сыртқы ортаға аскарид жұмыртқаларын шығарады, нәтижесінде қолайлы жағдайларда олар жетіліп, олардың ішінде жетілген құрттар пайда бола бастайды.

Көбінесе аурудың себебі гигиена ережелерін бұзу болып табылады. Жуылмаған көкөністер мен жемістерді тұтынған кезде аскарид жұмыртқасы ағзаға енеді, одан жетілген құрттар шығады, ол бүкіл денеге қан тамырлары арқылы таралады. Әрі қарай инфекцияның қайталама фазасы пайда болады және аскаридтердің ішек пен бүкіл денеде үздіксіз қозғалу циклі басталады.

Аскаридоздың негізгі белгілері түшкіру, жөтел, терідегі бөртпелер, сондай-ақ мұрын мен тыныс жолдарының қышуы арқылы байқалуы мүмкін.

Аскаридоздың алдын алу, ең алдымен, жеке гигиенаның қарапайым қағидаларын сақтау болып табылады. Олар: тамақтанар алдында қолды және жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қолданар алдында міндетті түрде жуу. Сырқаттанушылықты болдырмаудың маңызды бөлімі топырақты нәжістен ластанудан қорғау үшін елді мекендерді санитариялық тазартуды өткізу. Ата-аналар балаларын қадағалап, аузына лас заттарды, топырақты, құмды және т.б. салуға жол бермеуі керек. Мұндай қағидалар қарапайым, бірақ міндетті түрде сақталуы тиіс. Оларды сақтай отыра, аскаридтердің ағзаға түсуінен қорғана аласыз.

Қорыта айтарым, тазалық денсаулық кепілі.

М.КАСИМОВА,

Түлкібас ауданының СЭББ жетекші маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Аскаридоз және оның алдын алу