Оқушылардың тиімді тамақтануы

Балалардың мектепте оқу кезеңінде өсу процесінің қарқындылығы, бұлшық етінің және сүйек қаңқасының ұлғаюы, зат алмасуының күделі құрылымы, эндокринді, жүрек-қантамыр, бас миы қызметінің ерекшеліктері байқалады. Ал оқушылардың тиімді тамақтануы инфекцияларға қарсы тұру мен басқа да қолайсыз факторларға тұрақтылығын арттырады. Шындығында тиімді тамақтану баланың ең басты көңіл күйінің көтеріңкі және мектепте табысты болуына тікелей әсер етеді.

Кез келген тиімді тамақтану теңгерімін сақтамау функционалдық ауытқуға ғана емес, асқазан-ішек жолының созылмалы ауруына сонымен қоса организмнің иммунитетенің төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл қуаттылықты тек қана тамақтану арқылы толтыруға болады. Тағам жоғары деңгейде пайдалы болуы үшін міндетті түрде рационында кең көлемде өмір сүруге қажетті акуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және су. Үздіксіз өсіп жатқан оқушылар организімі ерекше ақуыздарды қажет етеді. Ақуыз жеткіліксіз жағдайда болған кезде баланың өсуі мен дамуы баяулап, организмнің ауруларға қарсылығы төмендеп, ақыл-ой қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, тағамда майдың жетіспеуі оқушылардың түрлі ауруларды (ЖРВИ, тұмау т.б.) жұқтыруына себепкер болады.

Қазіргі күнгі ғылыми дерекке сүйенетін болсақ, мектеп жасындағы балаларға 4 және 5 реттік тамақтану неғұрлым пайдалы болып саналады. Осындай жиіліктегі тамақтану тәртібі кезіне балалардың физикалық жағдайы, дамуы және жұмыс қабілеті жоғары деңгейде болады. Сол себепті де балаларға өзінің денсаулығына немқұрайлы қарамай, оны көзінің қарашығындай сақтауы керектігін ұғындыру маңызды.

С.Керимбеков,

Қаратау ауданы СЭББ жетекші маманы 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Оқушылардың тиімді тамақтануы