Дерматомикоздың алдын алыңыз!

Дерматомикоз – микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын жұқпалы  тері ауруы. Саңырауқұлақтар денені, аяқ-қолды, шашты, бастың бет бөлігін зақымдайды. Ауру науқас адаммен, жануарлармен тікелей қарым-қатынаста болған жағдайда немесе науқас адамның заттарын қолданған кезде жұғады. Берілу жолдары: қарым-қатынас-тұрмыстық тері, шаш, жүн, бас киім, төсек жабдықтары, тарақ, қайшы және тұрмыста қолданылатын заттар арқылы.

Аурудың инкубациялық кезеңі 1 аптадан 1 айға дейінгі аралықты құрайды. Дерматомикоз ауруының зақымдануының белгілері қоздырғыштың түріне және зақымдану орнына байланысыты:

- шашының түсуі мен терінің қабыршақталуымен бірге жүретін бас терісінде бөртпе пайда болады;

- тегіс теріде дөңгелектенген айқын шекаралары бар, шеттері көтерілген қабыну дақтары пайда болады. Зақымданағн ошақтың ортасында құрғақтанған қабыршықтар болуы мүмкін.

Науқастың жалпы жағдайы нашарлап, әлсізденеді. Уақытында дәрігерге қаралмау аурудың созылмалы түріне айналып, ары қарай емдеуді қиындатуы мүмкін.

Ұйымдастырылған балалар ұйымдарында дерматомикоздың алдын алуда науқастарды ерте анықтау, оларды оқшаулау, сонымен қатар уақтылы емдеу мен жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау маңызды орын алады.

Дерматомикоз ауруын алдын алу үшін:

* ешқашан бөгде адамның киімін, бас және аяқ киімін пайдаланбау;

* сүлгіні және төсек жабдықтарын ыстық суда жиі жуу, ыстық үтікпен міндетті түрде үтіктеу;

* тарақты таза ұстап, басқаларға қолдануға бермеу;

* санитариялық қағидаларға сай профилактикалық заласыздандарылу жұмыстары жиі жүргізіліп тұратын моншаларға, сауналарға, жүзу бассейндеріне және спортзалдарға бару;

Қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;

- қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру;

- үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақтылы көрсетіп, қажетті екпелер алу;

- егер сіздің айналаңызда тері ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөлу.

Дерматомикоздың алғашқа белгілері пайда болған кезде тез арада  көрінген жөн. 

Г.Шамансурова, 

Тұран ауданы СЭББ жетекші маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дерматомикоздың алдын алыңыз!