Паразиттік инфекциялар


Паразиттік инфекциялар – адам ағзасына жұмыртқа немесе ересек паразиттердің түсуінен туындайтын әртүрлі белгілер мен аурулар. Көбінесе аурудың алғашқы белгілерін бірнеше күн, ал кейбір жағдайларда бірнеше ай, тіпті жылдар бойы анықтау мүмкін емес. Бұл паразиттердің өмірлік цикліне және олардың негізгі функцияларына байланысты: жақсы камуфляж және иесі ағзасынан қоректік заттарды алу арқылы өз өмірін қамтамасыз ету.

Аскарида-  бұл  паразит, үлкендігі 15-40 см болады, адамның ішегінде –өмір сүреді.  Аскаридоз ауруының адамның өміріне көп  зияны бар. Аскаридозбен барлық жастағы адамның ауруы мүмкін, көбінде 14  жасқа дейінгі балалар ауырады. Көп жағдайда балалар жеке бастың  тазалығын сақтамағаннан ауырады. Аскаридозбен ауырғанда баланың жұмысқа қабілеті төмендеуі, қанның  азаюы, нерв жүйелерінің, ас  қорыту органдарының жұмысының  бұзылуы мүмкін, басы айналады, іші ауырады, үлкен дәреті бұзылады (іші өтеді немесе қатады), тамаққа тәбеті бұзылады (тамақты біресе көп жиді, біресе тамақ ішкісі келмейді). Балалардың өсу қабілеті нашарлайды, өзінің құрдастарынан қалып қояды, азады, түнде ұйықтағанда тістерін шықырлатады.         Ауру адам өзінің үлкен дәретімен аскарида тұқымын сыртқа шығарып қоршаған  ортаны ластайды.Осылайша сау адамға ауру жұқтырады.  Аскаридозбен ауырмау үшін: жеміс- жидекті, көкеністі қолданар алдында қайнаған сумен тазалап жуу; тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жануарлармен ойнағаннан кейін қолды міндетті түрде  сабындап жуу; үлкен дәретімен топырақты ластамау; ауланы, дәретхананы таза ұстау; ішуге қайнаған суды пайдалану; бау-бақшаға нәжісті пайдаланбау; шыбындарды жою қажет, жеке бас тазалығын қатан түрде сақтау.  Аскаридозбен ауырдым деп күдіктенсеңіз дәрігерге қаралып, оның айтқанын бұлжытпай орындағаныңыз жөн.                 

Эхинококкоз - бұл бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдалуымен, дененің аллергиясымен және мүгедектікке ғана емес, өлімге де әкелетін өте ауыр асқынулармен сипатталатын созылмалы гельминтоз.  Аурудың себебі-Echinococcus тұқымдасының таспа құрттарымен инфекция. Бүгінгі таңда жануарлар тасымалдайтын эхинококктардың бірнеше генотиптері анықталды.Берілу жолдары: алиментарлық жол-гельминт жұмыртқаларымен ластанған тамақ арқылы, паразиттермен ластанған су арқылы, тұрмыстық байланыс-иттермен тым тығыз байланыста болу және гигиена ережелерін сақтамау нәтижесінде. Ауру адам басқаларға жұқпалы емес. Адамдар үшін паразиттің личинка формасы ғана қауіпті. Шикі немесе жеткіліксіз термиялық өңделген ет жеген кезде жұқтыру мүмкін емес, өйткені жетілген гельминттер адам ағзасында дами алмайды – бұл үшін оларға негізгілері қажет.

Эхинококкоз – бұл адамның құрт-эхинококкпен инфекциясы, ол личинка сатысында инвазия кезінде қалады. Басқа құрттардан айырмашылығы, эхинококк ішекте емес, бауырға, өкпеге және тіпті миға әсер ететін басқа органдарда өмір сүреді. Үнемі өсіп келе жатқан эхинококкты кисталарда тұратын паразит ішкі мүшелер мен жұмсақ тіндердің қысылуын тудырады, бұл олардың қызметін төмендетеді. Сонымен қатар, ол адам ағзасын өмірінің улы қалдықтарымен уландырады. Паразиттен құтылу өте қиын. Ең тиімдісі - эхинококкозды хирургиялық емдеу. Емделгеннен кейін науқас тұрғылықты мекенжайы бойынша диспансерлік бақылауда болады және тексеруден өтеді.

Ал, енді осы ауруға шалдықпаудың жолдары бар ма? «Сақтансаң сау боларсың», дейді халқымыз. Тазалық мұқият сақталған жерде аурудың болуы мүмкін емес. Көп жылғы тәжірибелерге қарағанда бұл ауру мал шаруашылығымен айналысатын кісілердің арасында жиі кездеседі. Аталған аурудың нағыз таратушы көзі ит пен мысықтар. Бір ауру итте 200 мыңға жуық жылауық құрттың ұрықтары болады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға яғни үйдің айналасына, аулаға, сәкіге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт ұрықтарын шашады. Ол ұрықтар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы адамға жұғады. Ауру таратушы иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын емес. Ол өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін, өкпе бауырларын ит, мысықтарға жегізбей терең шұнқырларға көміп немесе өртеп жіберген дұрыс. Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нәжістерін өртеп жіберу, жыл сайын мал дәрігерлеріне тексеріп тұру, дәрі беру арқылы құрттардан тазартып тұру керек. Тазалық-денсаулық кепілі. Сондықтан барлық жерде тазалық сақтайық. 

 Эхинококкоздың алдын-алу шаралары:

- Жеке гигиена ережелерін, гигиеналық талаптарды сақтау, тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, көшеден үйге кіргеннен кейін қолды, жануарлармен немесе топырақпен байланысқаннан кейін қолды жуу, көкөністер мен жемістерді жақсылап жуу;

- ет өнімдерін мұқият термиялық өңдеу, шикі ет өнімдерімен жанасқаннан кейін қол мен ас үй ыдыстарын жуу;

- үй жануарлары үйде тұратын болса, оларды жарты жылда бір рет дегельминтизациялау қажет, иттер мен мысықтарды үнемі дегельминтизациялау;

- егер кәсіби қызмет Ауыл шаруашылығы жануарларымен немесе шикі ет өнімдерімен байланысты талап етсе, тұрақты медициналық тексерулерден өту.

- жылына бір рет паразиттік инфекциялардың бар-жоғына тексерілу.

Құрметті Шымқаламыздың тұрғындары денсаулықтарыңызды күтіп,  аман сау болыңыздар.

 

А.Асанбаева,

Еңбекші ауданының

СЭББ бас маманы 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Паразиттік инфекциялар