Қауіпсіз ойыншықтар – бала денсаулығының кепілі


Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен де маңызды екендігі анық, балаларын қуанту үшін ата-ана барынша тырысады және ол үшін көбіне ойыншық алып беріп жатады.Балаға ойыншық таңдау – барынша ұқыптылықты ,жауапкершілікті талап ететін жағдай.Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек.Өткір, жағысыз,бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Сатып аларда оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз,егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмаған жөн.

Сонымен қатар , балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет :

- атауы, өндіруші елі, жасалған жері;

- өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі.,

- өндірушінің тауар белгісі;

- баланың жас мөлшеріне сәйкес ойыншығы және пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейнгі балалар үшін);

- ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай);

- шығарылу күні (айы,жылы), сақтау мерзімі, сақталу жолы (қажеттілігіне сай).

Ойыншық сатып аларда арнайы дүкендерден сапалы әрі сәйкестігін растайтын құжаты бар. Арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алғандарыңыз жөн.Егер де сыртында таңбалануы толық жазылмаса, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық,әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.

Сатылымға шығар алдында ойыншықтарды «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының техникалық регламеннінің талаптарымен сәйкестендірілуі керек.

Г.ТЫШҚАНБАЕВА,

Шымкент қаласы,

Әл-Фараби ауданы СЭББ

бөлімі басшысы