Тағам өнімдерін тапсырыс берушілерге жеткізу талаптары


Тағамнан уланудың алдын алуда көтерілетін сұрақтардың бірі – жеке тұлға тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтану орнында әзірленген дайын тағам өнімдерін, аз уақыт ішінде тұтынушыға сапалы, органолептикалық құрамын сақтай отырып жеткізу.

Ол үшін:

- қоғамдық тамақтану орнында әзірленген дайын тағам өнімдерін тұтынушыға жеткізушілер тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған гастрономиялық термосыйымдылықтарды пайдалана отырып, тамақ өнімдерінің ластануын және органолептикалық қасиеттерінің өзгеруін, өнімнің қайталама ластануын болдырмайтын бір рет қолданылатын тұтыну қаптамасында (бір рет қолданылатын ыдыста) жүзеге асыруы;

- салат өнімдерінің, бірінші және екінші тағамдарды тұздықтарымен байытуға жол берілмей, соустардың жеке тұтыну қаптамасында жеткізілуі;

- гастрономиялық термосыйымдылықтардың (изотермиялық контейнерлер, термоконтейнерлер, тоңазытқыш сөмкелерде) жуып тазалауға төзімді материалдан болуы, мүмкіндігінше оның әрбір жұмыс соңында тазалануы;

- жеткізушілердің медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өткен, жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшасының болуы, тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бір рет қолданылатын қолғап пен эпидемиологиялық ахуалға сай бір реттік бетпердемен қамтамасыз етілуі;

- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдардың дайын тағамды тасымалдауға жіберілмеуі;

- дайын тағам өнімдері салынған әрбір ыдыста өндірушінің аты мен мекен-жайы, дайындалған күні мен уақыты, сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімі көрсетілген таңбалау жапсырмасы болуы, тұтынушыға жеткізу буып-түйілгеннен кейін бір сағаттан аспайтын уақыт ішінде жеткізілуі;

- әрбір тапсырыс тамақтану объектісінің есептік құжаттамасында қоғамдық тамақтану өнімінің атауын, дайындалған күні мен сағатын, таратудың (босатудың) аяқталу уақытын көрсете отырып тіркелуі сияқты басты талаптарды сақтау, тағамнан уланудың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.

Д.ӘЛИАСҚАР,

Шымкент қаласы,

Әл-Фараби ауданы СЭББ бас маманы