ЖРВИ, тұмаумен ауырмаудың амалы
Күздің кеш кезеңі, қыс және тіпті ерте көктем-тұмау және ЖРВИ
сияқты маусымдық аурулардың уақыты. Пандемияның пайда болуымен
респираторлық инфекциялардың алдын-алудың маңыздылығын сезіндік.
Адам өзін және баласын тұмаудан, әсіресе эпидемия кезеңінде толығымен
қорғау мүмкін емес. Маусымдық аурулар кейде коронавирус инфекциясына
қарағанда ауыр асқынулар тудырады. Бұл уақытта адамдар арасында жиі
суықтап ауруы, жөтел, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы
байқалады.
Тұмау несімен қауіпті?
Тұмау жоғарғы тыныс жолдарының, жүйке жүйесінің, құлақ-мұрын,
ауыз қуыстарының, жоғарғы тыныс алу органдарының зақымдануымен,
сондай-ақ ауыр асқынулармен қауіпті. Синусит, отит, жедел бронхит,
созылмалы тонзиллит, пневмония – тұмаудан кейінгі жиі кездесетін
жағдайлар. Өз кезегінде, жедел отит менингитке, бас миының абсцессіне
әкелуі мүмкін. Ал синусит көз ұясының қабынуы мен бас қысымының артуы
мүмкін. Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялармен
ересектерге қарағанда балалар 4-5 есе жиі ауырады.
Тұмау вирусы ауа тамшы жолымен беріледі. Түшкіру және жөтелу
кезінде сілекей тамшылары айналадағы заттарға жабысып, шаңмен бірге ауа
арқылы тыныс жолдарымен ауызға түседі. Дене температурасының көтерілуі,
қалтырау, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, сондай – ақ
ауыр жағдайларда пайда болатын жарықтан қорқу, бас айналу, сандырақтау -
тұмау белгілерінің бірі.
Ауру өте тез басталады. Көбінесе бірнеше сағаттың ішінде дене қызуы
39-40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Аурудың екінші күнінде мұрынның
аздап бітелуі және құрғақ жөтел пайда болады. Көздің шырышты қабығының
қызаруы да жиі кездесетін симптом.
Тұмаудың алдын алудың тиімді әдісі белсенді иммунизациялау – яғни
тұмауға қарсы вакцинациялау.
Сонымен қатар, тұмау және ЖРВИ-на шалдықпау үшін салауатты өмір
салтын ұстану маңызды - дұрыс ұйқы, дәрумендер мен микроэлементтерге
бай тамақтану, физикалық белсенділік, дене шынықтыру мен спорт,
серуендеу және ашық ауада демалу, денені шыңдау.
Тұмаудан қорғау және басқаларға жұқтырмау үшін қарапайым
ережелерді сақтау қажет:
- тұмауға қарсы дер кезінде егілу;
- суық тию белгілері бар адамдармен жанасудан аулақ болу;
- адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу
уақытын қысқарту;
- медициналық бетперде кию;
- қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу немесе қолды өңдеуге
арналған спиртті құралмен сүрту;
- үй-жайларды ылғалды жинау, желдету және ауаны ылғалдандыруды
жүзеге асыру.
Тұмау белгілері пайда болған кезде дереу дәрігермен кеңесу керек. Өз
бетімен емделу өте қауіпті. Күнделікті денсаулыққа деген қамқорлық
эпидемиялық кезеңнен ешқандай салдарсыз өтуге көмектеседі.
А.Турымбетова, Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары