Қоқыс алаңшаларына қойылатын талаптар
ҚР ДСМ 2020 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға,залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын талаптары бойынша елді мекендер аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде ҚТҚ жинау, шығару және көму орындарын күтіп-ұстау бойынша мамандандырылған ұйымдар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсетуімен қалдықтарды өз бетімен шығаратын орындар ұйымдастырылады.
Елді мекендерде көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м. биіктікте қоршайды. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Елді мекендерде контейнер алаңын уақытша қоныстарды қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырады. Қалыптасқан құрылыс салынатын аудандарда санитариялық ажырауларды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді. ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастырады. Контейнерлердің есепті көлемі қалдықтардың іс жүзінде жиналуына сәйкес келеді. ҚТҚ-ны шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі 0оС және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспау қажет.
Н.Сурашова,
Әл-Фараби аудандық СЭББ маманы