Атмосфералық ауаның сапасы
Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен көлік шығарындыларымен байланысты. Өнеркәсібі дамыған елдерде атмосфералық ауаны ластауда әр түрлі шаруашылық салаларының рөлі әрқалай.
-Атмосфералық ауаның ластануы халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етеді. Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негізінен республика халқының жартысына жуығы өмір сүретін ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломераттарға тән. Өндірістің ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлі емес көздерінің аз пайдаланылуы қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейінің себебі болып табылады. Автомобиль санының күрт көбеюі ірі қалаларда көміртегі оксиді мен азот диоксидінің жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы ірі қалаларда шекті мөлшерден асып түседі.
-Өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын ауаны ластайтын зиянды заттардың жақын маңдағы елді мекендерге тигізетін әсерінің ең жоғарғы рұқсат етілген шығарындылар шегі мен қоршаған орта атмосфералық ауа сапасын бақылау мақсатында ҚР ДСМ ҚДСК-нің және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мемлекеттік ғылыми практикалық орталығының қоршаған орта әсерлерінің адам денсаулығына әсер етуде құрған «Қауіптілік картасы» бойынша аудан аумағында орналасқан өнеркәсіп нысандарының санитарлық қорғау аймағынан тыс нүктелерден ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығы» зертханасымен ҚР ҰЭМ 28.02.2015ж №168 «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес атмосфералық ауа сынамалары (көміртек тотығы, күкірт қос тотығы, азот қос тотығы, фенол, шаң және т.б) ингредиенттеріне алынып мониторинг жүргізіліп бақыланып отырылады.
А.Батырбекова,
Әл-Фараби СЭББ бөлім басшысы