Тамақтан уланудың алдын алу


Тамақтан уланудың алдын алу – денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Азық-түліктерден улану көбінесе бактериялар, вирустар, паразиттер немесе улармен ластанған тағамды тұтынғанда орын алады. Мынадай қарапайым ережелерді сақтау арқылы оның алдын алуға болады:

Тамақтан уланудың алдын алу жолдары:

1. Таза ұстау

Қолды сабынмен жиі жуу (әсіресе шикі етпен жұмыс істегеннен кейін).

Аспаптар мен кесетін тақталарды (разделочная доска) әр тағам түріне бөлек пайдалану.

Асүйді және тоңазытқышты үнемі тазалап тұру.

2. Шикі және дайын тағамды бөлек сақтау

Шикі ет, балық пен тауықты басқа тағамдардан бөлек сақтау.

Шикі және дайын тағамды бір ыдыста сақтамау және бір пышақпен кеспеу.

3. Тағамды жақсылап пісіру

Ет, тауық және балық толық піскен болуы керек.

Ішкі температурасы 75°C-қа жетуі маңызды (егер термометр болса).

Пісірілген тағамның ортасы шикі болмауы керек.

4. Тағамды дұрыс сақтау

Дайын тағамды 2 сағаттан артық бөлме температурасында қалдырмау.

Тоңазытқышта сақтау керек (0–5°C).

Қайта жылыту кезінде тамақты жақсылап қыздыру қажет (кемінде 70°C).

5. Сапалы және қауіпсіз өнімдерді таңдау

Жарамдылық мерзімін тексеру.

Қаптамасы бұзылмаған өнімдерді таңдау.

Көше бойындағы немесе белгісіз жерден дайын тағам алмау.

Ескерту:

Ауыр улану белгілері байқалса (қатты құсу, іш өту, қызу, әлсіздік) – дәрігерге жүгіну керек.

Балалар, жүкті әйелдер, қарттар және иммунитеті әлсіз адамдар улануға тез ұшырауы мүмкін, сондықтан олар ерекше сақ болуы керек.

М.С.Бейсенбаев,

Тұран ауданының СЭББ басшысы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тамақтан уланудың алдын алу