Қонақтардың көңілінен шығып жүрген демалыс орны
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Эко туризм саласын дамыту бағытында Төлеби ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданында туризм саласында 254 нысан қызмет көрсетеді.
Соның бірі «Бүркіт ұясы» деп аталады. Табиғатымен тамсандырған, өсімдік және жануарлар әлеміне бай Біркөлік шатқалына жайғасқан кешенде қонақтардың көңілінен шығар дүние көп. Біріншіден, демалыс орны сауықтыру кешенін ұсынады.
Қымыз, жаңа сауылған саумалдан дәм татқан демалушылар күні бойы сергек жүретіні анық. Екіншіден, мұнда заманауи коттеджермен қатар қазақы киіз үйлер орналасқан. Ал тау етегіндегі монша мен бассейннің жөні тіптен бөлек. Спортпен шұғылданамын дейтіндер үщін де мұнда жағдай қарастырылған. Кешенде ашық стадион бар.