Қазаққа қажет мультфильмдер түсірілуде

Screenshot_13.jpg

Демографиялық өсімі ең жоғары Түркістан облысындағы 2 миллионға жуық тұрғынның 772 мыңнан астамы – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Өңірдегі 905 мектепте 468 мың оқушы білім алады. Оқушылардың білім алуына, қосымша сабақтар мен үйірмелерге, спорт секцияларына қатысуына, жазғы лагерлерде тынығуына жан-жақты қолдау күшейтіліп келеді. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша Түркістан облысында балалардың дүние танымын дамыту, көкжиегін кеңейту мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі, облыс әкімдігінің тапсырмасымен түсірілген «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт», «Ордабасы - бірлік туы», «Оқсыз оқиғасы», «Бәйдібек», «Түркістан» және «Көне жетігеннің сыры», «Төле би» сериалдары түсірілді. Бұл фильмдердің барлығы жас ұрпақты өз елінің батырларын, туған елінің киелі жерлерін, ұлттық салт-дәстүрін қастерлеуге шақыру мақсатында жасалды. Биыл облысымыздың 15 қала, ауданында «Ұлы даланың ізімен» жобасы аясында кино апталығы болып өтті.  «Облысымыз өнерге бай өлке, анимация саласы бойынша 18 жыл толып отырған «Сақ» киностудиясы республикада алдыңғы қатарда келеді. Студия 60-тан астам анимациялық фильм шығарды, бірнеше сериалдарымыз бар. Мақсатымыз - ұлттық құндылықтырды дәріптеп, қазақ анимациясын әлемдік деңгейге көтеру», - дейді  Сақ киностудиясының директоры Нұриддин Паттеев.