Шымкентте инсульт орталығы ашылуда

Screenshot_47.jpg

Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Атап айтқанда, аурухана  ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды (кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме - «Югстройсервис-Н» ЖШС. 

Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымша инсульт орталығы  мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керекті медициналық құрал-жабдықтар мен магнитті-резонансты томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) және ангиографиялық қондырғы орнату қарастырылу үстінде.

№2 қалалық ауруханада - қаладағы жалғыз толыққанды көпсалалы аурухана болып табылады. Мұнда  соңғы рет күрделі жөндеу жұмысы 1975 жылы жасалған. Ауруханада  120 төсек-орынды босану бөлімі бар. Бөлімде жылына жеті мың әйел босанады. Ал  емхана бөлімшесіндегі мамандар 50 мыңнан аса адамға көмек көрсетеді.

Одан бөлек, Соvid-19  инфекциясы өршіген тұста 260 төсек-орынды провизорлық стационар  жұмыс жасаған.  Стационарға 1 788  науқас келіп түскен. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты провизорлық стационардағы 120 төсек-орын уақытша жабылып, штаттық режимге көшкен. Ал 140  төсек-орынды провизорлық стационар өз жұмысын әлі де жалғастыруда. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте инсульт орталығы ашылуда