Шымкентте алғаш рет мойя-мойя ауруына шалдыққан балаға ота жасалды

Screenshot_13.png

Шымкентте дәрігерлер алғаш рет мойя-мойя ауруына шалдыққан балаға операция  жасады. Күрделі операцияны  №1 Шымкент Қалалық Клиникалық Ауруханасының нейрохирург дәрігері Еркін Жұмағұловтың қатысуымен, Қалалық балалар  клиникалық  ауруханасында шеберлік сабақ өткізіп,тәжірибесімен бөлісті.

Ота жасаған науқас баланың жасы он бірде. Дәрігерлер пациенттен сирек кездесетін  мойя-мойя ауруын анықтаған. Яғни, ми қан тамырларының бітелуі салдарынан, баланың өміріне қауіп төнген. 

Операция кезінде дәрігерлер науқастың тері астындағы тамырын микрохирургиялық әдіспен мидың тамырына тігіп берді. Заманауи операциялық микроскоптың көмегімен жасалған ота ең күрделі оталардың бірі болып саналады.