Дархан Мыңбай Біртановқа сауал жолдады
Елімізде қазір стоматологиялық кабинеттер -- оқушы саны 800-ден асатын мектептерде ғана бар. Бұл Қазақстандағы барлық мектеп оқушыларының 3,1-ін ғана қамтиды.
Осылай деген Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай -- Денсаулық сақтау министрінің атына сауал жолдады. Жалпы, қазір 2818 стоматологиялық ұйым бар. Оның 1 мыңнан астамы мемлекеттік меншік нысанында. 12 сі ғана балалар емханасы екен. Былтыр -- Таразда,Оралда және Астанада балалардың стоматологиялық емханалары жекешелендірілді. Жыл сайын қаражат бөлінгенімен, статистика көңіл көншітпейді. Депутат, жылжымалы тіс стоматологияларын ашу керек дейді.