Шардарада жаңа емхана мен жедел жәрдем стансасы салынуда

Без-названия-12.jpg

Шардара қаласындағы аурухананың жанында 150 орындық емхананың құрылысы былтыр мамырда басталған. Жобалық — сметалық құжат бойынша мұнда жедел жәрдем стансасы да қарастырылған. Құрылысшылардың қарқынын жауынды ауа-райы да баса алмады. Кестеден қалмас үшін, тығыз жұмыс тәртібіне көшкен. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды. 

Әнәпия Алпысов, мердігер компанияның өкілі: «Құрылысқа бөлінген қаржының 200 млн. теңгесін игердік. Құрылысқа осындағы жергілікті тұрғындарды тарттық. 50 — ден астам адам жұмыс істеп жатыр нысанда. Құрылыс материалдарымыз отандық өнімдер. Бетон арматураны Шымкенттен алдық».

Нысан биыл пайдалануға берілсе, шардаралықтарға медициналық көмек көрсету сапасы артады. Бір ауысымда 150 адамды қабылдауға мүмкіндік туады. Жедел жәрдем стансасы да науқастарға шұғыл қолдау көрсетеді.