Кейбіреулердің музей көрсе неге жүрегі айниды?
Медицинада әйгілі жазушы Стендальдің құрметіне қойылған ауру бар. Ол Стендаль синдромы деп талады. Қаламгер алғаш рет қасиетті Крест шіркеуіне бас сұққан кезде ондағы картиналарды көріп басы айналып, жүрегі қысылған. Сөйтсе бұл психоматиялық күйзеліс болып табылады екен. Яғни кейбір адамдар көркем дүниелерді (картина, мүсін т.б) тамашалғанда көңіл-күйі бұзылып, жүрегі айнып, жүйкесі сыр бере бастайды екен. Ауру асқынғанда науқас тіпті суреттерді жыртып, мүсіндерді қиратуға дейін барады екен. Мұндай адамдарды мейілінше музейге жібермеген абзал.