Қазығұрттың әкімі үшемдерге сыйлық жасады
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев Әбиевтер отбасына арнайы барып, жақында дүниеге келген үшемге құтты болсын айтты. Аян, Саян, Аманға сый құрмет көрсетіп, бөбектерге бесік арба сыйлады деп хабарлайды otyrar.kz. Аудан басшысы «Бала- біздің болашағымыз. Қазығұрт ауданының демографиялық өсімі жоғары. Үшемдердің қосылуы елеулі оқиға болып отыр» деді.Еске салайық, Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылының тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемнің анасы атанған болатын. 23 қаңтар күні дүниеге келген үшемге туыстары Аян, Саян, Аман деп есім берген. 28 жасында ана атанған Жадыра Әбдалиеваның үшем тұңғыш перзенттері.