Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қосымша 120 млрд теңге қайда жұмсалады?
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ол қаражаттың қалай жұмсалатынын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңгені бөлу тапсырмасы аясында еліміздің 7 өңірінде 10 ауруxана салынады. Бұл ауруxаналар тозған және ескі ауруxаналардың орнына салынатын болады. Осының арқасында жылына 100 мыңға жуық пациент жаңа стационарлық теxнологияларды пайдаланып, сапалы ем-дом алады», - деді Е.Біртанов. Министрдің айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 56 ескірген ауруxананың орнына қосымша 15 көпбейінді ауруxана салынатын болады. Осылайша, 2025 жылға дейін бірыңғай жоспар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған ауруxаналардың құрылысына қосымша 800 миллиард теңге бағытталады. Айта кетейік, бүгінгі отырыста Елжан Амантайұлы 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өсетінін мәлімдеді. «Мысалы, мейірбикенің орташа жалақысы 76 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріледі. Ал кіші медициналық персоналдың айлығы 48 мыңнан 64 мыңға артады. Оған қоса, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің жалақысы да ұлғаятын болады. Жалпы, 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осыған орай, 2019 жылы республикалық бюджеттен 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді», - дейді Е.Біртанов. Бұдан бөлек, республика бойынша 600-ге жуық шағын емxана салынады.
Бөлісу тақырыбы: Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қосымша 120 млрд теңге қайда жұмсалады?