Дәрігерлер 200 күн бойы жасөспірімнің өмірі үшін күресті

20190305002633.jpg

200 күн бойы қазақстандық дәрігерлер денесінің 50%-ын күйік шалған ақмолалық жасөспірімнің өмірін сақтап қалуға күш жұмсады. Ұзақ уақыттан кейін ауруханадан шығарылған Бекзат үйіне, ата-анасының жанына оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. Өткен жылдың шілде айында Бұланды ауданында тұратын 23 жастағы жігіт  өзін-өзі өртеген болатын. Оның 15 жастағы інісі өртті сөндіруге талпынғанымен, ағасын құтқарып қала алмады. Бұланды аудандық орталық ауруханасына аса ауыр жағдайда жеткізілген жігіттің денесінің 50%-ын күйік шалған. Көп ұзамай санитарлық авиация тобы науқасты Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

«Біз соңғы сәтке дейін қандай да бір болжам жасауға қорықтық, өйткені барлық ағзалардың ішкі ісіп қызару процесі - өте ауыр. Күйік ауруларының науқас өткеруге тиісті міндетті кезеңдері болады. Күйіктік шок немесе күйіктен улану кезеңдеріне аурудың қалай төтеп беретінін болжаудың өзі мүмкін емес. Дегенмен біз жеңдік! Бекзатқа он рет теріні ауыстырып орналастыру отасы жасалды. Ол осының бәрінде ерлік көрсетіп, бізге көмегін тигізді. Аяғынан тік тұруға асыққанымен, барлық талаптарды бұлжытпай орындап отырды», - дейді күйік ауруын емдеуші дәрігер Петр Редкозубов.

Ауруханада өткен ұзақ уақыттан кейін Бекзат ата-анасының жанына оралды. Оны әлі ұзақ оңалту кезеңдері күтіп тұр. Ол өзін-өзі күтуді, жүруді, заттарды қолымен ұстауды басынан бастап қайтадан үйреніп жатыр. «Үйге оралуымды ұзақ күттім. Ауыр әрине, бірақ қорқыныштың бәрі артта қалды. Тек ауруыма байланысты оқуды тастауыма тура келетіні өкінішті. Бірақ мұны да жеңіп шығатыныма сенемін. Барлық дәрігерлерге рақмет», - деп алғысын білдірді Бекзат.