Ағайындылар асқазандарын алдыртып тастады

5c7db12098676.jpg

Үш ағайынды бірден асқазандарын ота арқылы алдырып тастаған. Британия тұрғындары София Ахмед (39 жас),  Тахир Хан (44 жас) және  Омар Хан (27 жас) ағайындылар. Олардың анасы асқазанда пайда болған қатерлі ісік дертінен көз жұмған екен. Ұзамай олардың әпкесі де сол дерттен көз жұмған.
София бұл үрдістен зәресі ұшып, өзін тексерістен өткізген.  Тексеріс нәтижесі аталмыш дерттің ген арқылы берілетінін көрсеткен. Осы тексерісті бетке алып, ағайынды үшеуі де асқазандарына ота жасатып, оны алдырып тастаған.