Шымкентте медициналық мобильді қосымшаға тіркелгендердің қатары артып келеді
Мобильді қосымша арқылы лабораториялық анализдердің қорытындысын білуге болады: Шымкентте медициналық мобильді қосымшаға тіркелгендердің қатары артып келеді. Смартфондағы ақпараттық жүйеге бүгінгі күнге дейін 154609 азамат тіркелген. Мобильді қосымша арқылы дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақырту, еңбекке жармсыздық парағын көруге болады. Сондай-ақ жаңашылдықтардың бірі кез-келген азамат смартфондағы мобильді қосымша арқылы лабораториялық анализдердің нәтижесін көре алады. Нақтырақ айтқанда, мобильді қосымша арқылы қан талдауы, несеп, кал талдаулары микрореакция, жағынды (мазок)сынды 30-ға жуық лабораториялық анализ түрлерінің нәтижесін көруге болады.
Мобильді қосымшаны қолдану үшін дәрігерлер пациенттер үшін қолайлы жағдай жасауда. Нақтырақ айтқанда, емханаларда мобильді қосымшаны пайдалну қызметін үйретіп әрі көрсетіп беретін екі маман жұмыс істейді. Кез-келген қала тұрғындары осы мамандардың көмегі арқылы қосымшаны орнатып, смартфон арқылы медициналық қызметті қолдануды үйрене алады.
Айта кетейік, емханадағы дәрігерлер электронды денсаулық куәлігі арқылы да жұмыс істейді. Бүгінде қаладағы емдеу мекемелері жүз пайыз қағазсыз қызмет көрсету жүйесіне көшкен
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте медициналық мобильді қосымшаға тіркелгендердің қатары артып келеді