Министрлік өкілі Ордабасы ауруханасының жұмысына оң баға берді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов Ордабасы ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Бахытжан Мырзагелдиевтің жұмысын оң бағалады.
Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге алдымен аурухананың тіркеу бөлімінің жұмысымен және ҚАЖК бағдарламасы бойынша, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен анықтама қызметінің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, ПУЗ орталығының жұмысымен, амбулаториялық деңгейде тегін ДЗ жіберу жөніндегі дәріханамен, профилактикалық-скринингтік кабинеттің, әйелдер және ерлер қарау кабинеттерінің жұмысымен танысып, ЖТД дәрігерінің қабылдауында болды.
Сонымен қатар, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіп, алдағы даму жоспарлары мен осы ұжымның жалақысы төмен мамандарына еңбекақы төлеу туралы мәселелер талқыланды.