Шымкентте «Денсаулық күні» өтті

Screenshot_3.jpg

    «Арбат» отбасылық демалыс аймағында өткен ауқымды акцияда жылжылмалы емхана халыққа медициналық көмек көрсетті. Акция барысында дәрігерлер 500-ден аса азаматты қабылдады.

    Атап айтқанда, қала тұрғындары жолдамасыз-ақ невропатолог, кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, нарколог, аллерголог, офтальмолог, фтизиатр, стоматолог, онколог, травматолог-ортопед дәрігерлерінің қабылдауынан өтті. Сондай-ақ 150 азамат тегін экспресс-анализдер тапсырған.

    Салауатты өмір салтын насиxаттауға бағытталған шарада дене белсенділігін насихаттау мақсатында бірмезеттік жаттығу, викторина ойындары, спорттық көріністер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

    Шара соңында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы «Денсаулық күніне» орай өткен акцияда белсенділік танытқан қатысушыларды марапаттады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте «Денсаулық күні» өтті