Шымкентте Денсаулық басқармасының басшысы тағайындалды

aee8e778-d2e7-4bb5-b4ff-84ff4fc70d50.jpeg

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Асхан Мархабайұлы Байдувалиев тағайындалды. Ол бұған дейін 2015-2017 жылдары Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

Асхан Мархабайұлы Байдувалиев 1972 жылы қазан айының 3-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келді.

1979-1989 жылдарда Алматы облысы Іле ауданы Междуречинск ауылында Гагарин орта мектебінінде білім алды.

1989 жылы Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Институтына түсіп, 1990 жылы Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтына ауысты.

1995 жылы  Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірді.

1995-1997 жж. Клиникалық ординатура 2 жыл урология кафедрасында оқыды.

1997-2000 жж. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің урология кафедрасында аспирантура оқыды.

2001 жылы «Оптимизация тактических подходов к диагностике и лечению заболеваний органов и тканей» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғап,  2001-2005 жж. урология кафедрасының ассистенті болды.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап урология кафедрасының меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім факультетінің деканы қызметін атқарды.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап МКҚК «Қарасай аудандық емханасының» директоры қызметіне келді.   

2012 жылдың 25-желтоқсанынан бастап ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры қызметін атқарды.

Марапаттары: «Кәсіподақ үздігі», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарі, Қарасай ауданының әкімі Л.Турлашовтың «Алғыс хаты», облысы әкімі А.Мұсахановтың «Құрмет грамотасы», «Нұр Отан» Партиясының бірінші орынбасары Б.Байбектің «Алғыс хаты», облыс әкімі А.Баталовтың «Алғыс хаты».