Әлем дәрігерлері Түркістан мамандарымен бірге тұрғындарды емдейді
Түркістанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қатысуымен Халықаралық медициналық конференция өтуде. Екі күндік ауқымды шара барысында АҚШ пен Лондоннан арнайы келген дәрігерлер облыс халқына тегін қабылдау жүргізеді.
Шетелдік білікті дәрігерлер №3 облыстық перинаталды орталығында, облыстық балалар ауруханасында және Түркістан қалалық орталық ауруханасында науқастармен кездесіп, медициналық тексеруден өткізіп кеңес береді.
Конференция барысында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан елдері мамандарының «Жаңа заманның үздік медицина моделі» бойынша жиын өткізді. Шетелдік қонақтарды «МИР через ДУХОВНОСТЬ» қоғамдық қорының жетекшілері бастап келді.
Қайырымдылық шарасына профессор, тәжірибелі дәрігер, Лондондағы Корольдік жалпы қолжетімді клиникалық аурухананың офтальмологы Доктор Сурендра Кумар қатысуда. Ол Үндістанда, Пәкістанда, Ауғанстанда, Шри-Ланкада, Ресейде, Боснияда, Замбияда, Кенияда және Оңтүстік Америка елдерінде халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болып табылады. 14 жылдан астам уақыт бойы Тереза анамен тығыз қарым-қатынаста абыроймен еңбек еткен.
Шетелдіктердің қатарында Ұлыбританияның мемлекеттік денсаулық сақтау қызметінде кеңесші, European Paediatric Life support курсының директоры, неврология және онкологияға маманданған бас педиатр, Халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің қатысушысы доктор Никхила Пандия да бар. Англиядан келген білікті маманның бірі – доктор Ума Гордон. Ол гинеколог-кеңесші, Бристоль университеті клиникасының аға оқытушысы және бедеулікпен ауыратын науқастарға арналған Бристоль клиникасының клиникалық директоры, британдық жасанды ұрықтандыру қоғамының өкілі және спермограмма сапасын бақылау жөніндегі қоғамның клиникалық өкілі саналады.
Ал, Америқа құрлығынан Мичиган университетінің гастроэнтерология, ішкі медицина бөлімдерінде қызмет ететін медицина профессоры доктор Хари Конживирам мен тәжірибелі гастроэнтеролог және гепатолог Анн-Арбор келді. Доктор Кондживарам медик-студенттер, GI резиденттері мен стипендиаттарының жаһандық білім алуына белсене қатысады. Ол 2017 жылы білім беру саласындағы жан-жақты жетістіктері үшін марапатқа ие болды және американдық гастроэнтерологиялық қауымдастықтың «білім беру саласындағы үздік еңбегі үшін» марапатына ие болған.
Жоспар бойынша, шетелдік білікті мамандар түске дейін дәріс оқыса, тәуліктің екінші жартысында түркістандық дәрігерлермен емдеу мекемелерінде білгендерін ііс-тәжірибеде бөлісіп, үйретеді.