Әлем бойынша қызылша ауруына шалдыққандар саны күрт артқан

Screenshot_1.png

ВВС басылымы Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, 2019 жылы бүкіл әлем бойынша қызылша ауруына шалдыққандар қатары төрт есе көбейгенін хабарлады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, 2019 жылдың алғашқы үш айында бүкіл әлем бойынша қызылша ауруы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе көбейген. 

Ал БҰҰ қызылша ауруы әлемнің түкпір-түкпірінде тіркеліп жатқанын хабарлаған» деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Африкада қызылша ауруы 700 пайызға артқан. «Мамандар бұл ресми тіркелген дерек болғанымен, жағдай одан да бетер ушығып тұрғанын айтуда. Олардың ойынша, бүкіл әлемде он аурудың біреуі қызылшаға шалдыққан деген деректер бар» дейді автор.

 Айта кету керек, қызылша - жоғары инфекциялы вирусты ауру. Ол асқынып кеткен жағдайда ми мен өкпе инфекциясына алып келуі мүмкін. Бұл аурудан ең көп зардап шеккен мемлекеттер қатарында Украина, Мадагаскар мен Үндістан тұр. Автордың айтуынша, бұл мемлекетте миллион адамға шаққанда он мың адамда қызылша тіркелген. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, дүние жүзі бойынша 170 мемлекет қызылшаның 112 163 жағдайын хабарлаған. Ал 2018 жылдың дәл осы кезеңінде 163 мемлекетте 28 124 адам қызылша жұқтырған.

ҚазАқпарат.