Дұрыс тамақтану – сау ұрпақ кепілі
«Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!» оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаның негізгі қағидалары:
Тамақтануды үйлесімділеу, тағамның қауіпсіздігі, сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жүйеленген талаптарды сақтау арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту.
Дұрыс тамақтану барысында мектепте балалардың ыстық тағаммен қоректенуі олардың денсаулықтарын нығайтуға және оқу қабілетін жақсартуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мәзірінде пайдалы және құнарлы тағамдар болуы қажет. Күнделікті тамақтану рационына ет, сүт, сарымай, өсімдік майы, қара нан, бидай наны, көкөністер және қант кіреді. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі аптада бір рет беріледі.
Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектептік бракеражды комиссия тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері және ата-аналар комитетінің төрағасы кіреді. Бракеражды комиссияның міндеті – білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды және сапасын қадағалауды бақылау. Сонымен қатар, күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты тұлға тағамдарға және кулинарлық өнімдерге органолептикалық бағалау жүргізуі қажет.
Мектеп асханаларында және буфеттерінде сатуға тыйым салынады:
- кремі бар кондитерлік өнімдер;
- тұтынушылар қорабындағы кондитерлік өнімдер және тәттілер;
- қаймақ және майонез қосылған күрделі салат өнімдері;
- өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тағам өнімдері;
- тез дайындалатын тағам концентраттарын қолдануға;
- тәтті алкогольсіз сусындар, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындар;
- концентратты шырындар;
- фаст-фудтар, гамбургерлер, чипсы, қытырлақ нандар.
Қымбатты ата-аналар! балаларыңыздың тиімді тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, тиым салынған тағамдардан бас тартуына аса көңіл бөліңіздер.
Диагноз гаеті