Мақсат үздікті анықтау ғана емес
– Алдымызда келе жатқан Халықаралық мейіргерлері күні қарсаңында өткізіп жатқан байқаудың мақсаты жеңімпаздарды марапаттау ғана емес. Біз арамыздағы өз ісіне адал, жұмысының жауапкершілігін жақсы білетін мейіргерлердің шыңдалғанын қалаймыз. Осындай байқауларда кәсіби мамандарымыздан енді қатарға қосылып жатқан әріптестері үйреніп, тәжірибе алмасса дейміз. Бәріңіз білетіндей, пациентпен жақсы қарым-қатынас орнатқан мейіргердің қызметі емдеуші дәрігердің медициналық көмегінен кем болмайды, – деп қатысушыларды жігерлендірген орталықтың бас дәрігері Лейла Үкібаева оларға сәттілік тіледі.
Байқауда мейіргерлер пациенттерге қызмет көрсетудің үлгісін, ем-дом барысында қалай әрекет етудің тәртібін көрсетті. Ең бастысы мейіргердің емдеу мекемесінде қалай ұстау тиістігін паш етті. Олардың еңбектерін кәсіби мамандардан құралған әділқазылар тамашалап бағасын берді.
Диагноз гаеті