Кім қанша төлейді?
Жеке кәсіпкерлер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанына дейін ай ай сайын ен төменгі екі айлық жалақының 10 пайызы мөлшерінде жарна аударды. Жеке кәсіпкерлер екі жылға (2018-2019) жарна аударудан босатылды. Дегенмен, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қайтадан ай сайын ен төменгі екі айлық жалақының 10 пайызы мөлшерінде жарна аударатын болады. Ал, жұмысшылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық жалақысының 1 пайызы мөлшерінде жарна аударса, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар ең төменгі бір айлықтын 5 пайызын аударады.
Қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болады. Сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алады. Қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды. Сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.
Диагноз газеті