Вакцинация – маңызды!

e7391f528cd991134e215ad5693d8c60.jpg

Екпелерді Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізуге кеңес беріледі.

 

Бүгінгі таңда адамдарға берілетін вакцинаның бес негізгі түрі бар. Тірі әлсіздендірілген вирус – екпенің құрамына сау иммундық жүйесі бар адамдарда ауру қоздырмау үшін әлсіздендірілген тірі вирус енгізілген. Тірі әлсіздендірілген вирустарға – қызылша, мысқыл, қызамық және желшешекке қарсы екпе салу жатады. Ата-аналар вакцина салар алдында балаларды мұқият бақылау керек, қандай да бір аурулар болған жағдайда дәрігер вакцинаны салдырмауы немесе басқа күнге ауыстыруы мүмкін. Инактивирленген вакцина – бұл вакцина оны өндіру үдерісінде вирусты зарарсыздандыру арқылы жүргізіледі. Полиомиелитке қарсы инактивирленген вакцина осындай вакциналардың қатарына жатады. Инактивирленген вакцина тірі әлсіздендірілген вирусқа қарағанда басқаша иммундық әсер береді. Екпені иммунитетті қалыптстыру немесе сақтап қалу үшін бірнеше рет салдырту қажет.

 

Инфекция – бұл адам ағзасына реактивті үдерістер кешенімен сүйемелденетін ауру қоздырушыларының енгізілуі болып табылады. Ағзаға микробтар кіргеннен кейін, ағза «қорғана» бастайды, ауру тудырушы микроағзалармен белсенді «күресетін» антиденелерді іске қосады. Инфекциядан кейін ағзада антиденелер қалып қояды, яғни иммунитет қалыптаса бастайды. Егер сол ауру қоздырғыштары ағзаға қайта түсетін болса, антиденелер оларды залалсыздандырады. Белгілі бір инфекциялық аурумен ауырған адамда оған деген иммунитеті қалыптасады, яғни табиғи жолмен «вакцинация» жүзеге асырылады. Кейбір аурулармен ауырғаннан кейін өмірлік иммунитет қалыптасады.

 

Әрине, бізге вакциналар керек, олар миллиондаған адамдарды аурулармен және өмірлік мүгедектікпен байланысты азаптардан арылтуға көмектеседі, өмір сапасы мен саулығын қамтамасыз етеді.

 

Вакциналар қауіпсіз. Вакцинациялауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан сертификат алған вакциналар қолданылады, яғни сапасына кепілдік беріледі.

 

Профилактикалық екпелер жасалатын инфекциялар, вакцинация болмаған жағдайда өмірге және денсаулыққа тікелей қауіп төндіреді:

 

- полиомиелит – полиовирус, жүйке жүйесін зақымдайды және бірнеше сағат ішінде параличке немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін;

 

- асқынғандифтерия – миокардит, енжар парезі (салдану) және параличті тудырады, нәтижесінде өлімге әкелетін асфиксия пайда болуы мүмкін;

 

- эпидемиялық паротит – бедеулік мен қант диабетінің даму қаупі;

 

- В гепатитінің асқынуы – бауыр комасы, 90 пайыз өлім нәтижесімен аяқталады, бауыр циррозы мен обырына әкеледі;

 

- қызамық – жүктілік кезінде ұрықтың туа біткен органикалық зақымдарына әкелуі мүмкін;

 

- асқынған сіреспе – асфиксия және жүректің тоқтап қалуы;

 

- туберкулез – көптеген асқынулары бар күрделі түрімен ауыру қаупі;

 

- пневмококкинфекциясының асқынуы – пневмония және іріңді менингит;

 

- асқынған қызылша – энцефалит, жүктілік өзіндік түсік тастаумен немесе мерзімінен бұрын босандырумен аяқталуы мүмкін.

 

Диагнз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Вакцинация – маңызды!