Дәрігер мен пациент: қарым-қатынас ережелері

303.jpg

Ресейдің Яуза қаласындағы Клиникалық госпиталінің дәрігер-терапевті Олег Бородин: «Түсініспеушілік көбіне медициналық қызмет көрсету барысында маман мен пациенттің арасында туындайды. Себебі, дәрігер 12 минут ішінде құжаттаманы рәсімдеп, аурудың проблемасы неде екенін түсініп, анализ тағайындап, сол аралықта пациентпен де сөйлесіп үлгеруі керек. Ал оның бүкіл жағдайын түсіндіріп отыруға осылайша уақыт жетпей қалады да, сол себепті аурулар дәрігерлерге аз көңіл бөлдің деп айқай-шу, ұрыс шығарып жатады. Бұл жағдайды өзгерту қиын, пациенттер дәрігермен өзіне ықылас қойып тыңдап,  ұзақ сөйлесіп отырудан нәтиже шықпайтынын түсіну керек. Дәрігердің уақыты тығыз, оны келесі пациент күтіп тұр» деген уәж айтады.

Ал ресейлік «Әйел денсаулығы» сайтында осы мәселе бойынша сауалнама жүргізіп көріпті. Нәтижесі мынадай: респонденттердің 32,6 пайызы дәрігерлерді кәсіби емес деп таныған, 22,1 пайызы – өзін жоғары қойып сөйлейді, 19,3 пайызы – дөрекі, 12,6 пайызы – материалдық сыйлықтарға қызығады, 6,4 пайызы – бейтарап, 5,7 пайызы – цинизм, 1,3 пайызы – еркек дәрігерлердің қыз-қырқынға қырындағысы келген деп жауап беріпті.

Қазақстанда жалпы, посткеңестік елдерде дәрігерге көңілі толмайтындар көп. Адамдардың ақ халаттыларға айтатын шағымы, «студент кезінде жақсы оқымаған, алдына келген пациенттерге дұрыстап диагноз қоя білмейді, ақша бермесең жақсылап қарамайды, сыйға берілген қорап шоколадтан, ақша салынған конверттен бас тартпайды» деп айыптап жатады. Сөйте тұра, азаматтар дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Дәрігердің өзін күлімдеп қарсы алып, жан-дүниесіне, сырқатына үңіліп, көңіл бөлгенін қалайды.

Ал бұл орайда дәрігерлердің де айтары бар. Олардың кәсіби кодексі ешуақытта қателесуге болмайтынын, арзымайтын жалақымен жұмыс істейтінін, рахметі жоқ неше түрлі пациенттерден көңілі қалатынын, министрліктің жиі ауыса беретінін алға тартады. Екі жақтың да көңіл толмаушылығы, өзара түсініспеушілігі жағдайды жақсартпасы анық. Емдеу мекемелерінде екі жақ та бір-бірінің жүйкесін жеп жататын сәттердің жоқ емес, бар екені шындық.

Көптеген пациенттер анализ бен дәріні, зерттеуді босқа ақша шашу деп ойлайды. Алайда пациенттің осыншама шығынның не үшін қажет екенін білуге құқы бар. Ал білікті маман әрдайым тиісті жауабын береді дейді Олег Бородин.

Ал «Альфа-Центр Здоровья» клиникасының медицина желісі бойынша директоры Михаил Копосов: «Әдетте пациенттердің көңіл толмайтыны да бар. Егер дәрігер кешігіп жатса жаман диагноз естіп қаламын ба деп қорқа түседі немесе бұрын нашар дәрігердің қабылдауында болғандықтан мазасы кете бастайды. Әрине мұның бәрі дәрігердің дөрекі сөйлеуін ақтап алмайды. Өз ісінің маманы мұндай келеңсіздікке жол бермей, нашар көзқарастың алдын алады. Десе де, дәрігерден жақсы көңіл-күй талап етуге болмайды, өйткені ол да тірі адам, шаршайды» дейді.

Айта кетейік, сауалнама екі жаққа да жүргізілген. Ендеше дәрігерлер ауруларды қабылдау кезінде нені ұнатпайды, олардың жүйкесіне не тиеді екен, көрелік. Дәрігерлер пациенттердің 45,7 пайызы өздерін маманнан ақылдымын деп санайды деп жауап берген. 14,6 пайызы – ұқыпсыздық, 11,2 пайызы – дөрекілік, 10,6 пайызы – бейтарап,  9,6 пайызы – жеке шекарасына өтіп кету, 8,3 пайызы – қарапайым гигиена ережелерін сақтамайтынын айтқан.

Терапевт Олег Бородин: «Тағы бір мәселе, пациенттер интернеттен әртүрлі мәліметтерді оқып алып, емдеу барысында өзін көп білемін деп ойлайды. Дәрігерден тек анализге ғана түсініктеме беруін сұрайды. Өзінің денсаулығын қалай сезініп тұрғанын айта бермейді, ал бұл симптомдарды асқындырып жіберуі мүмкін. Мұндайда маман анализдің қорытындысын айтып беруден қателесіп, дұрыс емес дәрілер тағайындауы мүмкін. Сондай-ақ пациенттерде дәрігерге тек жағдайы ауырлаған кезде ғана келіп көріну керек деген стереотип қалыптасып қалған. Адамдар көбіне өзін дәрі ішетіндей аурумын деп ойламайды» дейді.

Ауруларды да түсінуге болады, бұрын біліктілігі төмен маманға кез болып, басы артық препараттар тағайындап, емі нәтижелі болмаса,  алаңдайтындай жөні бар. Десе де заманауи дәрігердің миссиясы – осы пікірді теріске шығарып, пациентті диалогқа шақырып, оны өз бетімен емделмеуін есіне салуы қажет.

Пациент те емдеудің барлық кезеңіндегі өзінің күмәнін, дәрілер туралы ойын айтуға құқылы. Осылайша жанжал шығармай екі жақ та толыққанды сұрақ-жауап арқылы пациентке баламалы ұсыныс беруге болады.


Дәрігерлерге осы орайда бірнеше пайдалы кеңестер:

Ең алдымен мына ережені есте ұстаңыз. Сіз – дәрігерсіз, пациент – ол пациент. Сіз – білесіз, пациент – білмейді. Ең алғаш пациентпен кездескен кезде ол сізге баға беріп қарайды. Сіз осы кездесуде жас, сыртқы көрінісіңіз жинақы, әдемі көрінсе, науқас сізді қысымға ала бастайды. Тәжірибесіз санап, сенбеушілік танытады.

Бұл проблемамен жұмысын енді бастаған әрбір дәрігер бетпе бет келеді. Осы бір келеңсіз сәтте пациентті қалай қабылдау керек?  Алдымен пациентке келген кезіңізде оның сізге көңілі толмай қарап тұрғанын көресіз. Сосын оның шағымын тыңдайсыз. Одан кейін науқаспен сіз ұсынған дәрілер туралы дауласу басталады. Сіз әрине пациентпен болған әңгімеден кейін өзіңізге сенімсіз болып шығасыз, көңіл-күйіңіз түсіп кетеді. Бірақ бұдан да жол тауып шығуға болады, қамықпаңыз. Бастысы, сол адамның денсаулығы бірінші орында тұрғанын ұмытпаңыз. Ал жақсы денсаулық сізге емес, алдымен пациентке қажет. Осы оймен пациентті күлімдеп қабылдауға тырысыңыз.

Пациенттің алдында ақталмаңыз және ешқашан тәжірибесіздігіңіздің арқасында қателік жіберіп алсаңыз да кешірім сұрамаңыз. Оған назар аудармай пациенттен қажетті нәрселерді сұрастыра беріңіз. Ол өзінің ауруы туралы айтып жатып, кейбір симптомдарды айтып шығуы мүмкін. Осы жерде шешім шығаратын сіз, соны ойланыңыз.

Пациентпен түсінікті тілде сөйлесіңіз. Науқаспен жұмыс жасау, ол сіздің алдыңызға қойылған міндет. Жақсы дәрігер – ол аурудың шығу төркінін түсіне отырып, сол адамды ауруынан айықтыру.


Әрбір дәрігер білуі тиіс қағидалар:

1. Бір ғана дәріні жазып беру, кей жағдайда екі дәріні жазу. Алайда бұл дәрілер бір-бірімен сәйкесуі керек.

2. Бір рецептінің ішінде үш, төрт, бес және одан да көп дәріні тағайындау қауіпті әрі абсурд. Бірде бір дәрігер, фармаколог немесе химик әлгіндей мөлшердегі дәріні ішкеннен кейін ағзада қандай реакция болатынын алдын ала айтып бере алмайды.

3. Адам семіріп кетсе, тәбеті төмендеп немесе жоғалтатын жағдайда  оған емдік препараттарды дұрыс тағайындамаған деп есептеледі. Мұндай жағдайда соған сәйкес тамақтану режимін орнатуды ұсынады. 

4. Кез келген дәрігер науқасқа жүрек, антигипертензия, ревматология, неврология, антимикроб, антипаразит, цитостатика және басқа да құралдарды жазып берер кезде оның организмге әсері жоғары болатынын ойлануы керек. Жоғарыда аталған медикаменттер жасы егде азаматтардың көбісін жалмаған. Алайда дәрігер пациенттің тағайындалған дәріге қаншалықты сезімтал екендігін емдеу алдын да , емдеу барысынан кейін де нақты деңгейін белгілей алмайды.

5. Әрбір дәрігер кальцийдің антагонисті кері әсерін білуі тиіс. Ол пациентке аталған дәрінің санатына қарай жазып беруі керек, себебі қазір кальций сәнге шығып кеткендіктен абайаған жөн.

6. Дәрігер антибиотикті қажет жағдайда ғана жазып беруі керек, әсіресе пациенттің өмірі қауіп үстінде тұрса. Бірнеше жылдан кейін осы тектес дәрігерлер мен антибиотикке қарсы тұрушылық мүмкін болмай қалады.

7. Дәрігер жүйелі түрде ескі препараттарды құрамында транквилизатор, антидепрессиялық құралдары бар жаңасына ауыстырудан бас тартуы қажет.


 Диагноз газеті