49 мекеме тексеріліп, айыппұл салынды
Олардың өзі стандарттарға сай келмейді. Одан бөлек, арнайы белгілер, автотұрақтар, тактильді жолдар, Брайль қаріпімен басылған жарнамаларды орнатуын, екі және одан да жоғары қабаттағы ғимараттардың 1-ші қабаттарында мүгедектерді қабылдайтын бейімделген арнайы бөлмелермен және бейімделген әжетханалармен қамтамасыз ету жұмыстары толыққанды жүргізілмеген.
Бейімдеу және тексеру жүргізу кезінде негізінен «Сәулет және қала құрылысы туралы» ҚР заңы негізінде жасалған үш құрылыс нормаларымен құрылыс қағидалары қолданылады, олар:
«Халықтың қауқары аз топтары үшін ғимараттар мен үй-жайлардың қолжетімділігі» 3.02-05-2003 Халықаралық Құрылыс Нормалары;
«Халықтың қауқары аз топтары үшін ғимараттар мен үй-жайлардың қолжетімділігі» 3.06-01-2011 Қазақстан Республикасының Құрылыс Нормалары;
«Халықтың қауқары аз топтары үшін ғимараттар мен үй-жайлардың қолжетімділігін ескере отырып, ғимараттар мен үй-жайларды жобалау. Жалпы ережелер» 3.06-02-2012 Қазақстан Республикасы Құрылыс Қағидалары.
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы з бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83 бабымен әкімшілік жаза қолдану қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу, мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылықтар анықталса, лауазымды адамдарға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамдарға – 80, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 250, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазіргі таңда, департамент тарапынан арыз-шағымдар және профилактикалық тексерулер негізінде Шымкент қаласы бойынша 49 мекемеге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 4596,43 мың теңге айыппұл салынды.
Диагноз газеті