Түркістанда 374 баланың жүрегіне ашық ота жасалған
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2018 жылы 374 баланың жүрегіне ашық ота жасалған.
Жалпы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларының бірі - медициналық қызметтердің сапасын бақылау және сараптау. Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін қызмет көрсетуші медициналық мекеменің жұмысын күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы бақылап отырады. Кемшіліктер анықталған жағдайда айыппұл санкцияларын қолданады. Сонымен қатар, биылғы жылғы қызметтерді сатып алудың ерекшеліктері туралы медицина мекемелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Айта кетерлігі, тегін медициналық көмек шеңберіндегі қызметтерді көрсететін ұйымдардың тізімі fms.kz ресми сайтында орналастырылған. Сақтандырылған азаматтар МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық көмекті 2020 жылдан бастап пайдалана алады. Cебебі жекеменшік клиникалар мен емханалармен және ауруханалармен медициналық қызмет көрсету туралы келісімшарттар осы кезеңде бекітіліп бітуі тиіс. Сондай-ақ, еліміздің барлық тұрғындары ЖИТС, туберкулез сынды әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеумен қоса, жедел жәрдем, шұғыл көмек, санитарлық авиация көмектерін тегін ала алады. Жарна төлемеген азаматтар амбу-латорлық көмек пен шұғыл жағдайлар туындағанда көрсетілетін стационарлық көмекті тегін пайдаланатын болады.
Қор сарапшыларының жүргізген мониторинг нәтижесінде жоғары технологиялық медициналық қызметке қажеттіліктері ескеріліп, қосымша қаржы бөлу қарастырылды.
Сонымен қатар, қор сарапшылары балалар жасындағы кардиологияда өткен жылмен салыстырғанда жүрекке жүргізілген ашық оталар саны өскенің анықтады. Мәселен, 2017 жылы жалпы, - 317 пациент емделсе, оның ішінде 1 жасқа дейін бала -202, жаңа туған нәрестелер -18. Ал, 2018 жылы жалпы - 374 баланың жүрегіне ота жасалған. Оның 279-ын 1 жасқа дейін бала құраса, қалған 79-ы нәресте.