Тегін қызметке – 305 млрд теңге

20190506124135.jpg

Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бөлінді, деп хабарлады акцонерлік қоғамның баспасөз қызметі. 

 

– 2019 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 305 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 35,4 пайызын құрайды, – деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

 

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 860 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 5 процент артық. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Ең бастысы бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті екен.

 

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты 1403 медицина ұйымы орындайды. Оның 701-і жекеменшік клиника. Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан жекеменшік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.

 

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тегін қызметке – 305 млрд теңге